https://www.instagram.com/reel/DIiPkTFC3lc/?igsh=MXJmMGg0d2FrNnc5ZA==
📚✨ Білім беру кеңістігіндегі маңызды кездесу!
Бүгін мектебімізде халықаралық стандарттарға бағытталған кәсіби кездесу өтті. Бұл жиынға мектеп директорлары мен IB координаторлары қатысты. 🤝
🔹 Кездесу аясында халықаралық стандарттарды енгізу жолдары, білім сапасын арттыру тетіктері және болашақ даму жоспарлары кеңінен талқыланды.
🔹 Мұндай кәсіби алаң — тәжірибе алмасу, жаңа идеялармен шабыттану және білім беру саласында бірлесіп даму үшін таптырмас мүмкіндік. 💡🌍
🔸 Қонақтар қатарында:
🔹 Ведрана Павлетич — Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы, Африка, Еуропа және Орта Азия аймағы бойынша даму және рұқсат алу жөніндегі аға менеджер
🔹 Кэтрин Фокс — IBWS департаментінің Азия елдері бойынша бас менеджері
🔹 Қайырбаева Маржан Жамбыловна — Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары
🔹 Смайылов Сейфулла Шай-Ахметұлы — Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұны институтының директоры
🔹 Қасенова Альбина Бақытбекқызы — Білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлім басшысы
📌 Осындай кездесулер — болашақ білім беру үрдістерінің қалыптасуына үлкен үлес қосары сөзсіз!